COVID-19: оқу саласындағы сандық теңсіздік
COVID-19: оқу саласындағы сандық теңсіздік
ашық дереккөзі
«COVID-19 кризисі білім саласында бұрын-соңды болмаған әлемдік өзгерістер әкелді»,- дейді Артур ван Дизен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы. Пандемияның салдарынан мектептер әлемнің 186 мемлекетінде жабылды.1,29 миллион бала пандемия алып келген өзгерістерді бастан кешірді. Еліміздің осындай өзгерістерге уақытылы жауап қайтарып, белгілі бір нәтижеге жетуі, ең біріншіден, мемлекет қолдауымен жүргізіліп отырған «Digital Kazakhstan» бағдарламасының жетістіктері болып отыр.
Айта кетерлік, халқымыздың 78%-ы интернет қолданушы болса, гигабайт деректердің құны жарты доллардан аз. Бұл әлемдегі бесінші ең арзан көрсеткіш болып табылады, яғни елімізде интернет желісіне қосылу айтарлықтай қол жетімді. Білім саласына қайтып оралсақ, Қазақстанда мектептердің көбісі интернетпен жабдықталған. Оған қоса, мемлекет тарапынан жеке сектормен бірлесе отырып құрған 10 шақты сандық оқыту платформалары бар.
Алайда, Бүкіләлемдік білімнің инновациялық саммитінің (WISE) бас директоры Ставрос Януканың айтуынша, бүгінгі пандемия әлеуметтік тұрғыдан теңсіздікті одан да нашарлата түсті. АҚШ Брукингс институтының мәліметіне жүгінсек, Қазақстанда балалары бар отбасыларының 14%-ы кең жолақты интернетке қолы жете алмай отыр. Ал әлем бойынша, ЮНЕСКО-ның соңғы кеңжолақты жағдай туралы есебінің нәтижесі әлемде 45%-ға жуық отбасылары кең жолақты интернетке байланысқа мүмкіндікке жете алмай отыр.
«Қазақстанда 78% белсенді интернет қолданушылары болса, қалған 22% кімдер болмақ деген сұрақтар туындайды»,- деп Артур ван Дизен алаңдайды. Пандемияға дейінгі бейбіт уақыттың өзінде білімге қол жетімділік тұрғысынан қиыншылықтарға тап болған балалары бар отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар балалар осы 22%-дың ішінде болуы мүмкін. Сондықтан бұл өзгерістердің кесірінен олардың жағдайы одан да нашарлай түседі.
Олар керекті оқу материалдары мен керекті оқу құралдарымен жабдыталмаған болса, бұл пандемияның кесірінен олар білім тұрғысынан екі есе зардап шекпек. Интернетке деген қолжетімдіктен басқа, сандық оқу саласындағы басты тапшылықтартың бірі – компьютерлер мен ноутбуктер сияқты оқу жабдықтары. Әсіресе, көп балалы отбасылары бір компьютер не бір ноутбукпен ғана шектелуі мүмкін. Оған қоса жағдайы нашар оқытушылардың да үйінде сандық оқытуға керекті деген техникалардың тапшылығы жаңалық емес. «Сондықтан жеке оқушылар мен олардың отбасыларының жағдайын және мұғалімдер мен дәріс берушілердің жеке жағдайын алып қарастырған жөн», - дейді Артур ван Дизен.
Екі сарапшы да, Артур ван Дизен мен Ставрос Янука, COVID-19 кризисінің кесірінен білім саласындағы сандық теңсіздікке төтеп беру үшін мемлекет пен жеке меншік саласы бас қоса отырып, әрекет жасауы керек деседі. Ең біріншіден, Қазақстан аралас оқыту әдістерін белсенді түрде қолдануы тиіс. Бұл оқудың түрлі жолдары оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес жоспарлануы керек.
Кейбір балалар онлайн оқу әдісіне еш кедергісіз көшіп, осы оқу әдісін жалғастырмақ. Ал басқалары теле және радио арқылы өз білімдерін жетілдірмек. Ал енді осы екі әдіске көшуге қиыншылық танытқан балалар бұрынғыдай оқытушылармен бірге бетпе-бет оқуды қалауы мүмкін. Оқушының кез-келген жеке қажеттіліктері мемлекеттің сандық оқыту әдістеріне көшу жоспарында ескерілуі мақсат.
Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысының ұсынған бірден-бір шешімдерінің бірі - ЮНИСЕФ пен Халықаралық Телекоммуникациялық Одақ дамытып жатқан GIGA бастамасы. Бұл GIGA бастамасы әлемдегі әрбір мектепті кең жолақты Интернетке және осы мектептердегі әрбір оқушыны ақпаратпен, мүмкіндікпен, таңдаумен, сапамен және сандық оқытумен қамтамасыз ету.
«Қазақстан Орталық Азия аймағындағы жетекші ел ретінде осы бастамада маңызды рөл атқаруға келісімін берді», - дейді Артур ван Дизен. Сандық оқытудың теңсіздігін жою мақсатында Ставрос Янука да өз ұсыныстарын атап өтті. Оның айтуынша, қолда бар технологияны тиімді пайдалану қажет. Осы мақсатта оқытушылар мен оқу жоспарларын сандық оқу әдісіне бейімдеу керек. Айқын мысалдардың қатарына жоғары оқу орындары мен мектептерге виртуалды зертханалар ұсынатын Labster Virtual компаниясы және оқушылар мен мұғалімдерге онлайн оқыту әдісіне көшуге көмегін беретін TeachPitch компаниясы болып табылады.
Қорытындалай келе, сандық теңсіздікті болдырмау үшін мемлекет пен жеке меншік тарапынан кешенді шаралар жасалып және осы жоспарларда оқушылардың жеке қажеттіліктері ескерілуі тиіс.