"Шексіз ұсақ тіршілік иелерінің шексіз үлкен ролі" Луи Пастер

"Шексіз ұсақ тіршілік иелерінің шексіз үлкен ролі" Луи Пастер

ашық дереккөзі

Вакцина... Бүкіл адамзат баласы коронавирусқа қарсы вакцинаны күтіп отыр (Осыдан ақша істеп жатқан құныққан саудагерлер мен жемқорлар адамзат тұқымына жатпайды). Вакцина деген сөз латынның Vacca - cиыр деген сөзінен шыққан. Бұл сөздің тарихы 1796 ж. 14 мамырынан басталады.. Сол күні Эдуард Дженнер (1749-1823) деген ағылшын дәрігері Джеймс Фипс деген 8 жасар баланың терісін тілін жіберіп, сиыр шешегімен ауырған Сара деген әйелдің терісіндегі күлбіреген жердің ішіндегі сұйықты алып тамызып байқады.. 1 шілде күні Эдуард Джеймс әлгі балаға кәдімгі шешекті егіп көрді.. Балаға шешек жұқпады... Эдуард өзінің ғаламат жаңалық ашқанын білген жоқ... Эдуард ашқан жаңалық 1822 ж. туған Луи деген бала өсіп, оқып-шоқып Луи Пастер деген ғалымға айналғанша өз кезегін күтіп жатты... Ғылымда «Сібір жарасы»деп аталатын малдың кеселі бар. Қазақ халқы ол кесел қойға тиесе - топалаң, жылқыға тисе - жамандат, ірі қараға тисе - караталақ, түйеге тисе - ақшелек, қарабез деп атайды. Эдуард Дженнер ашқан жаңалықтың ізімен пәленбай жыл ізденген Луи Пастер 1881 жылы малдарға тәжірибе жасап «Сібір жарасына»қарсы вакцинаны жасап шығарды. 1897 жылдың қаңтарында Л.Пастердің шәкірті В.Хавкин обаға қарсы вакцина ойлап тапты. Осыдан бастап бір басталса азамдаттың біраз бөлігін баудай орып кететін оба пандемиясы тоқтады деуге болады (оба індетінің жекелеген ошақтары Жер шарында әлі бар). Содан бастап адамзат үшін «вакцина» деген сөз таңсық болмай қалды. 1960 жылдарға дейін қызылша індеті жүріп ауылдардың моласында кішкентай төмпешіктердің қарасын көбейтіп кетуші еді.. Халықты жаппай вакцинация жасау арқылы шешек індеті тоқтады деуге болады. Фотода Эдуард Дженнер Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ

Жүктелуде...