«Қастандық деп күмәнданам». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада көз жұмды

«Қастандық деп күмәнданам». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада көз жұмды

ашық дереккөзі

Қоғам белсендісі кей мәселелерге қатысты өткір пікір білдіретін. Белгілі журналист, қоғам белсендісі Қуанық Шамахайұлы қайтыс болды деп жазды жұбайы Айша Тұрмағанбетова өзінің Facebook-парақшасында. Ол бір сағат бұрын ғана, таңғы 9-дар шамасында әлеуметтік желід «Қуандықты өлтіріпті» деген жазба қалдырды. Ал, Шамахайұлы қайтыс боларынан шамамен 6 сағаттай бұрын өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін айтып, Facebook-те пост жазған. Ол Нұр-сұлтан қаласындағы №1 ауруханада коронавирустан емделіп жатқанын, түн ортасында дәрігерлер құжатқа қол қойдырып, дәрі ішкізгенін жеткізген болатын. Желіде қоғам белсендісін туыстары да жоқтап, дәрігерлерді айыптап жазба қалдырған. Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты деректі ресми органдар әлі растаған жоқ. Айта кетейік, Қуандық Шамахайұлы – Моңғолияда туып-өскен, Ұлан Батырда Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистік жоғары білім алған. Қуандық Шамахайұлы – ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, әдебиеттану доценті. 1993 жылы Мадридтегі Халықаралық журналистер ұйымына мүшелікке өтіп, БҰҰ мен ЮНЕСКО мойындаған «халықаралық журналист» деген арнайы мәртебеге ие болған. 2001 жылы АҚШ мемлекеттік департаментінің шақыруымен Вашингтонда, Рестонда, Арлингтонда, Нью-Орлеанда, Колумбия-Миссуриде, Атлантада, Нью-Йоркте болып, бірнеше жетекші университет мамандарымен тәжірибе алмасқан және Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы комитетінде тағылымдамадан өтіп, білім жетілдірген. Ол журналистика ғылымының теориялық мәселелерін қаузаған 10 кітаптың, ғылыми-танымдық, публицистикалық мақалалардың, 100-ден астам сықақ әңгімелердің, әдеби-көркем аудармалар мен сын зерттеулердің авторы. 1994 жылдан бері еліміздің жетекші университеттерінде журналистика, мәдениеттану, қоғаммен байланыс, этика, әдебиет теориясы, аударма ісінің теориясы, әлем әдебиеті салалары бойынша дәріс беріп келген. Ақпарат: https://azattyq-ruhy.kz/ порталынан

Жүктелуде...