Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығына сәйкес Ұлттық Банкті Нұр-Сұлтанға ауыстыру 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз орталығы мәлімдеді. Олар Ұлттық Банк елордаға көшіріліп, Алматыда тұрақты өкілдігі ары қарай жұмыс жасайтынын айтты. Ал Алматыдағы өкілдіктің басшысы қызметіне банк төрағасының орынбасары тағайындалған.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның қаржы орталығында, Алматы қаласында, Әйтеке би көшесі, 67-үйде Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Д.Галиев тағайындалды", - дейді баспасөз қызметі.
ҚҰБ өкілдігі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.