Атақты режиссердің қызы Мәриам Сатай кеше мұсылманша некесін қидырды, - деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі. Режиссер өзінің Instagram парақшасында қуанышты хабармен бөліскен.
"Құрметті достар, бүгін біз Алланың қалауымен қызымыз Мәриамның мешітте некесін қиып, куйеубаламызға аманат етіп, табыстадық. Елдегі жағдайды ескере отырып, үлкен тойсыз, тек құдаларымызбен қарапайым дастархан жайып, Сүннет бойынша жастардың қалауын орындауға тырыстық. Алла тағала барлығымызға жақсылық пен береке беріп, жамандықтан сақтасын!",- деп жазба қалдырған.
Мәриамның таңдауы Есболат Әбдіберік есімді цирк әртісі, әрі каскадерге түскен. Күйеу жігіт 24 жаста. Алматы облысының Кеген ауданының тумасы.
Еске сала кетсек, Мәриам Сатай актрисалық өнерімен жұртшылыққа танымал. Ол алғаш рет әкесінің "Районы" деп аталатын туындысында эпизодтық рөлде бой көрсеткен.