Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) коронавирус пандемиясымен күресте ұлттық федерацияларға көмек көрсетуге 1,5 млрд доллар бөлді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осы бағдарлама аясында барлық ФИФА мүшелеріне, соның ішінде Қазақстан футбол федерациясына көмек көрсетіледі.
Footboom.com сайтының хабарлауынша, FIFA-ға тиесілі 211 қауымдастықтың әрқайсысына 1 миллион доллардан әмбебап грант беріледі, әйелдер футболын дамытуға қосымша 500 мың доллар көлемінде қосымша грант бөлінеді. Алты конфедерацияның әрқайсысына 2 млн доллардан бағыттайды.
Сонымен қатар, әр халықаралық қауымдастық 500 мыңнан 5 миллион долларға дейін несие алуға өтініш бере алады, бірақ оның мөлшері қауымдастықтың жылдық кірісінің 35 пайызынан аспауы керек. Конфедерацияларға 4 миллион доллар көлемінде несие ұсынылады.