Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тоқаев автокөлік туралы заңға өзгерістер енгізді

Тоқаев автокөлік туралы заңға өзгерістер енгізді

Тоқаев автокөлік туралы заңға өзгерістер енгізді
ашық дереккөзі
 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша заңға толықтырулар енгізді. "Мемлекет басшысы "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Бұған дейін заң транзиттік жүктерді навигациялық пломба арқылы қадағалауды көздейтіні хабарланған. "Транзит Қазақстан аумағы арқылы өтеді, бірақ ол транзитпен аяқталмайды, жүк Қазақстан аумағында қалып қояды. Немесе, тауарды импорттау кезінде басқа елді мекен көрсетіледі, бірақ жүк ол жерге жетпейді, басқа аймақта қалады. Соның салдарынан қосылған құн салығы, жанама салықтар төленбейді, көлеңкелі экономика пайда болады", - деп жаңа заңның қажеттігін түсіндірген болатын Мәжіліс депутаты Павел Казанцев. Автокөлік шекараға келгенде, пломба салынып, іске қосылады. Сөйтіп көлік әрі қарай жолын жалғастырады. Навигациялық пломбадан келетін сигнал мемлекеттік кірістер комитетінің ахуалдық орталығына түседі. Осы сигнал арқылы транзиттік автокөліктердің қозғалысы бақылауда болады.