Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Отыншының ерлігі

Отыншының ерлігі

Отыншының ерлігі
ашық дереккөзі
 width= Алашорда әскеріне аянбай қызмет етіп, сол жолда құрбан болған қайраткерлердің бірі – Отыншы Әлжанов. Отыншы 1917 жылдың 5-13 желтоқсанын өткен екінші жалпы қазақ съезінде құрылған Алашорда үкіметінің Ұлт кеңесі құрамына қабылданған 15 қайраткердің бірі болды. Азамат соғысы жылдарында Жетісу өңірінде бұқара халыққа қорған болу үшін Алаш әскерінің Жетісу бөлімін жасақтады. Шілде айында еліне жолдаған хатында: «мұндағы жұрттың басына қиямет-қайым туды, қатын-баламды алып кетіңдер, бұл ел қан жылап, қырғынға ұшырып жатқанда, мен жан сақтап, бұларды тастап кете алмаймын. Өлсем-тірілсем де бірге көремін» деп өңірде орын алған соғыс сипатын аңғартқан. Жетісу өңірінен Үржар арқылы Қытайға өтіп кетпекші болған Отыншы жасағы Көктұмада большевиктермен қақтығысқа түседі. Жау әскер Отыншы бекінген диірменді өртеп жіберіп, Алаш қайраткері ерлікпен қаза табады. Отыншының қазасы туралы үзеңгілестерінің басылым беттерінде жариялаған қазанамалары қайраткердің Алаш мүддесі үшін орны толмас шығын екендігін аңғартады. Атап айтар болсақ, Міржақып Дулатов «Жас азамат» газетінде жариялаған қазанамасында: «Ұлтың үшін қан жыладың, қамын жедің, қызықты ғұмырың абақтыда, айдауда өтті. Сонда да тауың шағылмады. Қамалға шаптың, қанға боялдың, қаза таптың, бірақ, «арманда кеттім, Алаш көргенін көре алмадым», деме. Сендей ұл туған ел ешкімнен кем болмас. Хош, бауырым!» деп егіле жазды. "Qyr balasy" қоғамдық қоры Сілтеме