Қаланың ауруханалары Covid-19 және өкпе қабынуы індетімен ауырғандармен лық толы. Шымкентте өкпе қабынуымен ауырған 57 жастағы әйелді ауруханаға жатқызу үшін 13 сағат күтіп, ақыры қайтыс болған. Қалада ауруханаларда жатын орындар жоқ. Жергілікті билік ЖРВИ мен ауырғандарды емдеу үшін құрылысы жаңадан аяқталған мектепті ауруларды емдеуге берген. Алайда тұрғындар қарсылық білдіріп, айқай-шу шығарған, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі 31 каналға сілтеме жасап.
https://youtu.be/2e3kJ355xGo
Қайтыс болған әйелдің ұлының айтуынша, алдымен оларды жедел жәрдем жұқпалы аурулар ауруханасына жіберген, ол жерде қабылдамай, жаңа модульді жұқпалы ауруханасына жолдаған. Бұл жерде науқас 13 сағат бойы күтуге тура келген. Осы уақытта науқас жедел жәрдем көлігінде дәрігерлер оттек баллонының көмегімен суйемелдеп, жәрдем беріп отырған. Кейіннен науқасты ауруханаға жатқызған, алайда жарты сағаттан соң, туыстарына қайтыс болғаны туралы хабар берген. Жатын орынның тапшылығын дәрігерлер, коронавирус пен өкпе қабынуымен ауырғандар санының күрт өсуінен болып отырғанын айтқан. Бірнеше күн алдын жергілікті билік жағдай бақылауда екенін мәлімдеген еді. Жұқпалы ауруханада қосымша 650 орын және 1240 уақытша орындар дайындалған. ЖРВИ мен ауырғандарға арналған тағы бір аурухана болуы үшін жаңа мектептің ғимараты берілген. Ол жерге төсек орындар мен медициналық құрал-жабдықтарды жеткізіле бастаған. Оны көрген, жергілікті тұрғындар айқай-шу шығарған. Оқиға орнына әкімнің өзі келіп, мән-жайды түсіндіруге тура келген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов коронавируспен ауырғандарды емес, тұмаумен ауырғандарды емдейтінін, ондағы мақсат жұқтырушылардың санының азаю үшін екенін айтты. Тұрғындар "мектепке тиіспеуін" талап етуде. Әкім көпшілік тұрғындар рұқсат берсе ғана, ашылатынына сөз берді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1482 адам болса, оның 1157 белгісіз ауырғандар, ал 669 адам аурудан айығып, 13 адам қайтыс болған. Еске сала кетсек, 10 маусымда Шымкент қаласында Covid-19 індетін жұқтырғандарға арналған 200 орындық жұқпалы ауруханасы ашылған болатын.