Өлді деп ойлаған қарт ұйықтап жатыр екен

Өлді деп ойлаған қарт ұйықтап жатыр екен

ашық дереккөзі

 width= Базарбай деген атамыз болатын. Жасы 70 тен асып қалған кезі. Оны қатарластары "Қотыр" деп атап кеткен. Бала кезінде денесі қышып, қотыр ауруымен ауырған екен. Құрдастары болса, әккі мінезін келемеждеп, өздерінше "Қотыр" дейді екен. Әсіресе өзімен түйдей құрдас Тойбек молдамен көп қалжыңдасатын болыпты. Жас кезінде өзара ортақ сырлары болуы керек. Бір күні Қотыр атамыз қатты ауырып қалады. Күндіз ғана қақайып жүрген қарт кісі кенеттен төсек жатып қалыпты. Кешкі шайға шақырайын десе, қимылсыз жатады. Оны көрген кемпірі жүгіріп шығып, көрші-қолаң ағайынды жинай бастайды. Азғана уақытта үй іші азан-қазан болады. Үлкендердің айтуы бойынша, молданы шақыртып, иманын үйірмекші болады. Лезде Тойбек молдада жетіп келіп, арабшалап құран оқи бастады. Қотыр ата қимылсыз жатады. Сүрелерді оқып болып, молда жолдасына жақындай түседі. "Бақұл бол, досым!" дей бергенде, Қотыр ата орнынан ұшып тұрып, "әй, біреуің жедел жәрдем шақырамыз демейсіңдер! Көмуге асығып отырсыңдар ғой!" дегенде молданың жүрегі ұшып, көзі бақырайып кетіпті. Құрдасына қатты қапаланған ол, "өлсең, жаназаңды шығармаймын!" деп айқайға басыпты. Қотыр ата да сөзден қалсын ба? "Қарай көр, мұның молда болған түрін. Кеше ғана бөтелке ұстап жүруші едің!" деп қос құрдас айтысып тарқасыпты.

Жүктелуде...