Азаматтарды 6 айға дейін құмар ойындардан шектеуге болады

Азаматтарды 6 айға дейін құмар ойындардан шектеуге болады

ашық дереккөзі

 width= 25 маусымда өткен отырыста Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Енді жоба президентке жіберіледі. Заң жобасында бірқатар маңызды толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, ойын бизнесі саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар артты, көлеңкелі экономикамен күрес мақсатында Қаржы мониторингі органдары мен Арнайы мемлекеттік органдарының талдау шаралары күшейтілді. Бұдан бөлек, құмар ойындар мен бәс тігуден өзін-өзі шектеу тетігі енгізілді. Депутаттардың бұл түзетуіне сәйкес, «лудоманияға» шалдыққан азамат өзін өтініш беру арқылы құмар ойындар мен ставкаларға қатысудан шектей алады. Ал сот «лудоманның» қабілетсіздігі туралы шешім шығарса, оның туысқандары өтініш жазып, шектете алады. Бұл түзетудің енгізілуі бекер емес. Еліміздегі жеке медицина ұйымдары мен оңалту орталықтарының ақпаратына сүйенсек, оңай олжаға құмартып, барынан айырылған жандардың туысқандарынан 2018 жылы – 203, 2019 жылы – 421, ал 2020 жылдың 1 мамырына дейін 500-ден астам шағым түскен. Бұл туралы мәдение және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлемдеді. Енді депутаттар қабылданған заң жобасы арқылы құмар ойын ойындар мен бәс тігуге тәуелді адамдардың санын азайтуды көздейді.        

Жүктелуде...