Арматура өткізу үшін зираттарды қиратқан

Арматура өткізу үшін зираттарды қиратқан

ашық дереккөзі

Ерлі-зайыптылар 20-дан астам ескерткіш пен қабір құлпытастарын қиратып тастады. Ішімдікке салынған екеуінің адам шошырлық әрекетін көрген ауыл тұрғындары полицияға хабар беріпті, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еразия бірінші арнасы сілтеме жасап.  width= "Вот на ваших глазах, вот я снимаю первые погребения. Вот одни эти штыри торчат, которые он не успел вытащить". Арматураларды металл қабылдау пунктіне өткізу үшін күйеуі мен әйелі тапа-тал түсте марқұмдардың есімдері жазылған қабір тастарын сындырған. Өткен ғасырдың 40-50-ші жылдардағы ескі бейіттерді бұзып жатқан екі тұрғын қылмыс үстінде қолға түсті. Оқиға Қостанай облысына қарасты Құсмұрын ауылында тіркелді. Мұнда Ұлы Отан Соғысы кезінде осы елді мекенге қоныс аударған шешен диаспорасының өкілдері жерленіпті. Вандалдар сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері зираттарының тас - талқанын шығарған. Осы жайтқа қатысты полицейлер 314 бап бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл айыппұл төлеуді және 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Жүктелуде...