Өскеменнің қауіпті қалдықтардың үстінде әлі 100 жыл отыратын түрі бар. Қалада радиоактивті қоқыс көмілген аумақ әлі қоршалмаған. Ол аздай, тұрғын үйлер мен кей білім беру ғимараттары осы улы радиацияның дәл үстінде орналасқан. «Аталған мәселе осыған дейін бірнеше мәрте көтерілсе де, нәтиже жоқ», - дейді жергілікті мамандар. Себебі жыл сайын бюджеттен бөлінетін қаражат мардымсыз, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
"Значение порядка 40 микрорентген. Перевышает естественный фон. Фон для города Усть-Каменогорска состоит в час 14-16 рентген. То есть радиация поднялись до деревьев да?".
Өскемендегі радиоактивді дақтарды жою мәселесі осыған дейін бірнеше мәрте көтерілсе де, құлақ асар ешкім болмай тұр. Қауіпті қалдықтар қала орталығында әлі күнге ашық-шашық жатқан көрінеді. Ең сорақасы, радиация аумағында тұрғын үйлер мен білім беру мекемелері орналасып алған.
РАУАН ТҰРАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
"Мұның енді салдары өте зиян. Қоршаған ортаға, соның ішінде қаланың тұрғындарына . Бұл қаланың орталығы болып саналады. Бұл жерде өткізілген зерттеулер бойынша 80 мың метр квадрат ластанған жер бар. Оны жою үшін қазір табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасымен жылда ақша бөлініп жатыр. Алайда...".
Алайда бөлінген қаражат теңізге тамған тамшы тәріздес. «Биыл осы мақсатта Өскеменге 96 миллион теңге бөлінсе, ол бар-жоғы 50 метр квадратты залалсыздандыруға ғана жетеді», дейді департамент өкілі. Ал ластанған аумақтың 80 мың метр квадрат екенін ескерсек, арғысын пайымдай беріңіз...
РАУАН ТҰРАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Біз осындай ретпен ластанған жерді 100 жыл бойы залалыздандыратын боламыз".
Мамандар осыған дейін де арнайы құрылғылармен зерттеулер жүргізіп, адам өмірі үшін аса зиянды, иісі мен түсі жоқ қауіптің барын дәлелдеп берген. Тіпті, радиациялық сәуле салдарынан тұрғындар онкологиялық ауруларға шалдығуы мүмкін деген де тұжырым айтқан. Ядролық технологиялар қауіпсіздігі орталығының өкілі Ирина Тәжібаева "улы қалдықтармен күресетін арнайы қор елімізге ауадай қажет", - дейді.
ИРИНА ТӘЖІБАЕВА, "ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ" ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
"Бізде Қазақстанда радиоактивті қалдықтар өте көп. Тіпті барлық облыстарда бар десе де болады. Олардың көпшілігі Кеңес өкімет кезіндегі уран өңдеу кәсіпорындарының қалдықтары. Бізде осы радиацияны реттеумен айналысатын ұлттық оператор немесе ұйым жетіспейді. Барлық дамыған елдерде осы бағыттағы қорлар бар".
Қордан бөлек, арнайы заң қабылданбай да қазіргі картинаны өзгерту мүмкін емес. "Бұл саладағы былықтың басты себебі осы", - дейді сарапшылар.
ЕРІК НҰРЛАН, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМДЫҚ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: "
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша заң қабылданбай, сол заңда бүкіл қай гос орган немен айналысады, четка функциялары бөлінеді. Видите, қазір бәрі бір-біріне лақтырады. Өйткені жазылмаған да. Заң жоқ болған соң осындай бардак болып жатыр".
Өскемен үшін радиация нормасы 14-16 шамалас десек, кей жерлерде микрорентген көрсеткіші 100-ден асып жығылады. Қаладағы улы қалдықтармен бүлінген аумақ саны 20 болса, бүгінге дейін оның 8-і
https://www.youtube.com/watch?v=wdoOdlLhUVc