Ағылшынның "Гвендолин" пароходының капитаны Эдмунд Роадс мен немістің "Герман фон Виссен" кемесінің капитаны Берндт дос-жар екен.
Біріне бірі жиі қонаққа барып, бірге талай ішкен.
1914 ж. 28 маусымда Австро-Венгр тағының мұрагері Франц-Фердинанд өлтірілген соң Еуропа әлемтапырық болды да кетті..
Ал Африка әзірге тыныш..
Қос капитан күнара бірде ром-виски, бірде шнапс ішіп жүріп жатты..
Сонымен, 4 тамызда Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады.
Британ үкіметі өздерінің Германияға соғыс жариялағанын алыс отарларына да телеграфпен хабарлады..
Мұны естіген ағылшын капитаны Эдмунд Роадс өткен түнде ғана бірге ішкен неміс капитаны Берндтің кемесіне шабуылды бастап жіберді.
Досының кемесінен өз кемесіне снаряд атылғанын көрген неміс капитаны ештеңеге түсінбей, шлюпкаға отыра салып ағылшын кемесіне жетіп барды.
- Әй, Эдмунд!
Қуасың ба? Мынауың не?
Сөйтіп те әзілдей ме екен?
Тоқтат... деп айғай салған Берндті ағылшын капитаны каютасына шақырып, вискимен басын жазып жағдайды түсіндірді..
Бөтелкелес қос капитанның достығы немен аяқталғанын білмеймін.
Бірақ "Герман фон Виссен" атауын "Король Джорж" атына ауыстырған неміс кемесі мачтасындағы Германия туын алып тастап, орнына Британ туын іліп алды.
Өмір Шыныбекұлының фейсбук парақшасынан