Судан қауіпті вирус табылғандықтан, шомылуға тыйым салынды

Судан қауіпті вирус табылғандықтан, шомылуға тыйым салынды

ашық дереккөзі

 width= Алматыдағы Сайран көлінде шомылу қауіпті болып табылады. Мамандар тексеру кезінде сынамадан адам ағзасына аса қауіпті вирус анықталған деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі Хабар 24.kz-ке сілтеме жасап. Көл суына жүргізілген бактериологиялық сынама нәтижесі адам ағзасына аса қауіпті вирус барын көрсеткен. Сондай-ақ судағы ішек ауруы таяқшаларының қалыпты мөлшерден тоғыз есе асып кеткен. "Қазіргі кезде көл аумағы қоршалып, санитарлық қызметтің қатаң ескертпесін елемей, суға түсіп, шомылып жүрген адамдардың әрекеті дұрыс емес" дейді мамандар. "Бүгіннен бастап әкімдік өкілдерімен және арнайы мамандармен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Мұндай шаралар демалыс күндері де жалғасатын болады", - дейді Алмалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғалиева. Айта кетейік, айдың басында алынған көл суының сынамасынан мамандар А гепатитінің вирусы анықталғанын айтып отыр. Осыдан кейін көл маңы қоршауға алынып, шомылуға қатаң тыйым салынған.

Жүктелуде...