Ақтау маңында африкалық арыстанын серуендетіп жүрген адам түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды
"Астана" телеарнасы.
Жануар жергілікті тұрғындардың зәресін алған. Бұған дейін хабарланғандай, қауіпті жануарды Ақшүкір ауылының тұрғындары байқап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Мұны байқаған жануардың қожайыны көлікке тығылып, артынша полиция шақырған. Ақтаулық полицейлер арыстанды ұстады.
Ал карантин кезінде Ақтауда қалып қойған мәскеулік цирк өкілдері жануар оларға жеткізілгені туралы хабарды жоққа шығарды. Артынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жануар Қошқар-Ата қорымының жанында бақылауда тұрғанын айтты.
Телеарна мәліметінше, жануардың есімі - Симба, ол - үй жануары. Жануардың иесі сирек кездесетін аңды заңсыз сатып алғаны үшін және ұстағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.