Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Адыраспанның пайдасы туралы не білеміз?

Адыраспанның пайдасы туралы не білеміз?

Адыраспанның пайдасы туралы не білеміз?
ашық дереккөзі
 width= Тұмау өршіген кезде үйді адыраспан түтінімен аластауды бала күнімізден көріп өскенбіз. Адыраспанның түтіні – улы. Сондықтан оны микробтар мен вирустарға қарсы дизенфекция ретінде қолданады. Оның түтіні микроптарының толық жойылуына себеп болады. Халқымыз дәрілік шипасы мол деп санаған шөптердің бірі-адыраспан. Ол түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Оның сабы мен гүлінде у болады. Биіктігі – 30-80 см. Өзіне тән сасық иісті, дәрілік шөп тау беткейлерінде, жазық далаларда өседі. Әсіресе бұл дәрілік шөп Орталық Азияда жиі өседі. Улы болғандықтан мал жемейді. Бұрынғы кезде адыраспан шөбінен дайындалған тұнбаларды түрлі аурумен сырқаттанғандарды емдеуге пайдаланған. Мәселен адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, тырысқақ, безгек, мерез ауруларын емдеген. Тіпті оның түтінімен сал ауруын емдеген жағдайлар да болған екен. Адыраспанның пайдасын бұрыннан білген халқымыз күнделікті өміріне пайдаланған. Кейіннен қасиетті шөптің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Қазіргі уақытта адыраспаннан жасалған дәрілерді фармакологияда қолданылып жүр. Мұндай дәрілер түрлі қабынуларды жазу, зәр айдауды жақсарту, ішек құрттарын өлтіру, қызыл иектің қанауын тежеу, іш ауруын жазуға көмектеседі. Жалпы жоғарыда айтып өткендей, адыраспанды аластау мақсатында қолданамыз. Әсіресе сәбидің бесігін, суық тигенде, тіл-көз тигендерді, жаңа үйге қоныс аударғанда, келін түскенде адыраспанмен аластап жатады. Адыраспанмен аластау ел арасында әлі күнге дейін жалғасып келеді. Адыраспанды дизенфекция ретінде қолдану шариғатымызға еш қайшы келмейді. Алайда оны үйдің босағасына іліп қойып, жын-шайтаннан сақтайды деп сену дұрыс емес. Бұл Аллаға серік қосу болып саналады. Емдік шөпті қасиетті санап, сырқатты жіберуші жаратушының шипасын жіберетінін ұмытпағанымыз жөн.