ШҚО-да 13 жастағы қыз суға батып кетті

ШҚО-да 13 жастағы қыз суға батып кетті

ашық дереккөзі

 width= Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 13 жастағы қыз суға батып кетті. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, жасөспірім жасанды суға толы шұңқырға батып кеткен.

"2007 және 2008 жылдары туған қыздардың суға батып бара жатқанын 3 жасөспірім көріп, көмектесуге асыққан. Олар жедел жәрдем, полиция, құтқарушыларға хабарласып үлгерген. 12 жастағы қыз судан бірден шығарылды. Ал 13 жастағы қызды судан шығарылғанымен ол ес-түссіз болған. Жедел жәрдем қызметі қызды ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігерлер жасөспірімнің өмірін аман сақтап қала алмады", - дейді облыстық төтенше жағдай департаменті
Айта кетейік, 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында 5 бала суға кеткен. Осы жылдың 5 айында өңірде 2 бала суға кетіп, мерт болды.

Жүктелуде...