Бүгінде қаламызда пневмониямен (өкпе қабынуы) ауырған науқастар саны 7,2 пайызға өскен. Мұны ауыздықтау үшін қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Садыр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында тілге тиек етті. Оның айтуынша, қала әкімінің тапсырмасымен қосымша ғимараттар ашылады.
Бұл ретте өкпені жасанды желдету аппараты жөнінде айта кеткеніміз дұрыс. Яғни, қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты жергілікті бюджеттен 25 ИВЛ (өкпенің жасанды желдету аппараты) аппарат алынған. Бүгінде жалпы 301 ИВЛ аппараты бар. Сонымен қатар, жатақханаларда демеушілердің көмегімен осындай 6 аппарат қойылған. Және демеушілердің тағы бір көмегімен кислородпен демалатын 100 Боброва аппараты алынуда. Ал провизорлы стационарларда дәрі-дәрмектің барлығы толық жеткілікті.
Айта кетсек, бүгінге дейін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясымен ауырған 1404 азамат тіркелген. Жалпы қалада қауіпті індеттен 13 адам қайтыс болып, 624 адам жазылып шыққан.