Қазақстанның бірнеше өңірінде дауыл тұрады

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауыл тұрады

ашық дереккөзі

 width= Ертең еліміздің бірнеше өңірінде дауыл тұрады. 26 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Оралда 26 маусымда солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетауда да 26 маусымда найзағай ойнайды деп болжанады. Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда ертең күндіз шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Жүктелуде...