Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Күн суреті: Тоқаев еліміздің жауынгерлеріне орнынан тұрып құрмет көрсетті

Күн суреті: Тоқаев еліміздің жауынгерлеріне орнынан тұрып құрмет көрсетті

Күн суреті: Тоқаев еліміздің жауынгерлеріне орнынан тұрып құрмет көрсетті
ашық дереккөзі
 width= Күні кеше Мәскеуде Жеңістің 75 жылдығына орай, салтанатты шеру өткен болатын. Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Мәскеудің Қызыл алаңымен жүріп өтті. Олардың шеруін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орнынан тұрып, құрмет көрсетті. Дәл осы сәт күн суретіне айналды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі. Бір қарағанда жай сурет деп қарауға болады. Алайда ол президентіміздің Отан үшін жанын қиған ата-бабаларымызға тағзым етуі. Сондықтан да болар бұл сурет ешкімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Еске сала кетсек, парад жүргізушісі болса қазақстандық жауынгерлерді "Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің үздік құрылымы" деп таныстырды. Салтанатты шеруге қазақстандық сарбаздар Үндістандық әскерлерден кейін саппен шықты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату