weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді көлік қағып өлтірді

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді көлік қағып өлтірді

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді көлік қағып өлтірді
ашық дереккөзі
 width= Оңтүстік астанадағы Сайын-Төле би көшелерінің қиылысында әйелді жеңіл көлік қағып, жаяу жүргінші қайтыс болды. Оқиға жерасты өткелінің жанында болған. Марқұм жолды рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болғаны белгілі болды. Жол-көлік оқиғасы дәл жерасты өткелінің үстінде орын алған. Hyundai көлігі Саин көшесі бойымен солтүстік бағытта жүйткіп келе жатып, Төле би көшесіне жетпей әйелді қаққан. Корей автокөлігі соққаннан кейін 1954 жылы туған жаяу жүргінші бүйірге құлап түскен. Әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс жүргізді. Апат болған жердегі көлік қозғалысы қиындай түсті.