Әлеуметтік желілерде Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстанның серуендеп жүргені түсірілген видео тарады.
"Жігіттер, арыстан жүр, абай болыңдар. Қызық, әрине. Бірақ абай болыңдар", - дейді видео авторы.
Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 25 маусымда болған.
https://www.instagram.com/p/CB2CvN1HOdc/?utm_source=ig_web_copy_link
"Шамамен сағат 05:30-да 102 кезекші пультіне Ақшұқыр ауылында арыстанның жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Дереу шақыртуға Департамент басшылығы, полиция департаментінің ӨМБ табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шықты", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Кейін арыстанды ұстапты. Ол аман-сау. Қазіргі уақытта оның қайдан пайда болғаны анықталып жатыр.