Арыстағы жарылыс: Әскери бөлімнің аумағын тазарту 3 жылдан 5 жылға дейін созылады
Арыстағы жарылыс: Әскери бөлімнің аумағын тазарту 3 жылдан 5 жылға дейін созылады
ашық дереккөзі
Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары 3 жылдан 5 жылға дейін уақытты алады, деп мәлімдеді ҚР Қарулы Күштері тылдық қызмет және қару-жарақ бөлімінің бастығы Асылбек Сатвалдинов ОКҚ-да өткен брифингте, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Біз үшін ең бастысы - зиянды қалдықтар қалмауы үшін бұл аумақтың әр жерін сатылы түрде тазарту. Жұмыс тез бітеді деп айту қиын. Бірақ 3-5 жыл ішінде біз бұл істі аяқтайтын шығармыз, - деді Сатвалдинов.
Қазір оның айтуынша, негізгі жұмыс жарылыс эпицентрі болған бірінші аумақта жүріп жатыр.
"Тазартудан кейін олар ең қиын бөлігіне өтеді, келесі кезең - сақтау, мұнда қоймалар мен экрандар күйреген. Ең қиын жұмыс сол жерде жасалатын болады. Бірақ біз жұмысты тез арада аяқтауды мақсат етпейміз", - деп түсіндірді логистика бөлімінің бастығы.