Алматылық көпқабатты үйдің қабырғасында Димаш Құдайбергеннің бейнесі пайда болды

Алматылық көпқабатты үйдің қабырғасында Димаш Құдайбергеннің бейнесі пайда болды

ашық дереккөзі

Алматының көпқабатты үйлердің бірінің сыртында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленді,-  деп хабарлайды  NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Өнерпазға арналған мурал Сейфуллин және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан пәтердің сыртында пайда болған. Желі қолданушылары бұл суретті көріп ағынан жарылды. Суретшінің бұл туындысы Димаштың тыңдармандарының көңілінен шыққан сыңайлы. "Керемет!", "Қандай ғажап!", "Суретшіге рахмет үлкен! Сонша биіктікке сурет салған үлкен ерлік!",  "Бұл қай жерде?" деген сынды пікірлер жазбаның астына жазылыпты. Десек те кейбір желі пайдаланушылары Димашты көңілсіз әрі кәрі қылып бейнелепті деп те жазыпты. Көп оқырмандар сурет авторына алғыс жаудырып жатты.  

Жүктелуде...