Елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысының коронавирус індетінің өршуін "италияндық көрініске" ұқсатқан сөзі елеусіз қалмады.
Италия елшілігі Нұр-Сұлтан қаласындағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың коронавирус індетінің өршуі "италяндық көрініс" бойынша елордада қайталануы мүмкіндігі туралы пікіріне жауап қайтарды, - деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NewsRoom+ақпарат агенттігі.
"Италия COVID-19 ғаламдық індетінен зардап шеккен ең бірінші еуропалық және батыстық демократиялық мемлекет болды. Сондықтан болар Италиядағы орын алған жағдайға ерекше мән беріп қарастыратыны. Алайда соңғы айларда өзге мемлекеттерде одан да көп жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артқаны анықталған.
Әйтсе де індеттің ошағы болған тұрғындар саны көп шоғырланған Ломбардия, Венето және Эмилия-Романья секілді аймақтарда, біздің билік дер кезінде істі қолға алып, тиісті шараларды қолдана білді. Осылайша қиын-қыстау кезінде медициналық тұрғыдан, әрі экономика зиян шекпейтіндей тиісті шаралардың орындалғаны туралы және өзге елдерге үлгі боларлықтай Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының, қоғамдық институттардың ашық мақтау бағасын алды", - дейді Италияның Қазақстандағы елшісі Паскуале д'Авино
Сондай-ақ ол барлық отандастардың қауіпсіздігі үшін қажетті шаралар уақытылы және нәтижелі түрде қабылданғанын атап өтті.
"Өзге мемлекеттер секілді Италиядағы жағдай ешқашан, тіпті алғаш және індеттің шарықтау шегінде де бақылаусыз қалмады. Бірде-бір италяндық немесе шетелдік азаматтарға біздің ауруханаларда тегін ем көрсетілмей қалмады: ең аз уақыт ішінде мыңдаған қосымша орындар ұйымдастырылып және жаңадан медициналық мекемелер құрылып, төтенше жағдай кезінде денсаулық сақтау саласындағы ауқымды істерді атқару үшін, сонымен қатар мыңдаған дәрігерлер мен медбикелерден тұратын мақсатты команда құрылды",-дейді елші.
Елші мырза "маған қатысы бар жағдайларда қазақстандық мекемелермен қабылданған істерге көпшілік Италия билігінің өкілдері қазақстандық әріптестерімен өзара байланыс орнатып, мақтарлық бағасын көрсетіп жатыр. Және де барлық азаматтардың жауапкершілік сезінуімен індеттің өршуі кезінде, бұдан кейін Қазақстанда жағдай бақылауда болады деп сенемін".
Еске сала кетсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова өз мәлімдемесінде:
"Көпшілік тұрғындар әлі күнге дейін коронавирус инфекциясының тиісті бағалай алмай жүр. Сіздердің салғырттықтарыңыздың салдарынан медициналық қызметкерлер мен жатын орындардың жетіспеуіне алып келуде. Салғырт қарау арқылы "италяндық көрініске" яғни аурулар дәлізде жатып, дәрігерлердің жетіспей, жасанды өкпе желдеткіштерінің тапшылығына тап болуымыз әбден мүмкін»,-деген болатын.