Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Үйде жату өте қиын»: карантин кезінде Қазақстанға оралған әншілер кімдер?

«Үйде жату өте қиын»: карантин кезінде Қазақстанға оралған әншілер кімдер?

«Үйде жату өте қиын»: карантин кезінде Қазақстанға оралған әншілер кімдер?
ашық дереккөзі
Өнерпаз тіпті Отанына оралу үшін автокөлікпен 4 тәулік жол жүріп, елге әрең жеткен. Шетелде шығармашылығын шыңдап жүрген отандастарымыз карантин бастала сала, туған жерге оралған, -  деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Димаш Құдайберген де төтенше жағдай режимі бастала сала, Ресейден бірден Қазақстанға қайтты. Алайда елге келген кезінде әнші екі аптадай отбасымен бірге оқшаулануға мәжбүр болған. Бұл жайында revuenews бағдарламасында айтылды. "Біздер карантин шаралары жарияланғанға дейін бір апта бұрын келгенбіз. Аэропорттан түскен кезде өзімізге оқшауланып 14 күн отыруымызға, самолетттен түскендердің барлығына айтқан болатын соның барлығын түгел орындап содан кейін барып, өзіміздің тірліктерімізге араластық", - дейді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев. Ресейден келгендер қатарында Назима да бар. «Black Star»-лық әнші пандемия жарияланған сәтте Мәскеуде жалғыз қалып қойған еді. Өнерпаз тіпті отанына оралу үшін автокөлікпен 4 тәулік жол жүріп, елге әрең жеткен. "Шынымды айтсам ешқайда шықпай, үйде жату өте қиын. Мен Мәскеуде жалғыз өзім қалдым. Апталап жатқаным есімде. Оның барлығы адамның психикасына кері әсер етеді", - дейді әнші Назима. Таяуда ғана Ресейге қоныс аударған Ержан Максим болса, өнердегі аға-әпкелері сынды қиындық көрмегенін айтады. Себебі, жас өнерпаз карантин жарияланбастан Орал қаласына келіп алған. "Осы карантин басталмай тұрып, наурыз айында келіп алған болатынбыз елмен бірге болайық деп. Оған дейін сол, Мәскеуде болдық. Осы жағдайға байланысты", - деді Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек. Еске салсақ, Ержан ресейлік композитор Игорь Крутойдың вокал мектебінде білім алу үшін отбасымен Мәскеуге көшіп кеткен болатын.