Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Экстрасенс Бақыт Жұматова коронавирустан қашан құтылатынымызды айтты

Экстрасенс Бақыт Жұматова коронавирустан қашан құтылатынымызды айтты

Экстрасенс Бақыт Жұматова коронавирустан қашан құтылатынымызды айтты
ашық дереккөзі
Бұл жөнінде белгілі көріпкел Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында айтты. «Коронавирустан 28 тамызға дейін құтыламыз. Ары қарай мәнісі жоқ. Күн тұтылуының нәтижесінде өршіген пандемия бәсеңдейді. Ковидтан бүкіл Қазақстан қырылып қалмайды. Бұл бүкіл әлем үшін ауыр жыл (кібісе жылы). Жыл әуе апатынан басталды. Бұл Ковид адам шалдығып, емделіп шыға алатын ауру. Бұл оба емес. Ал оба алда келе жатыр. 2021 жылдың 5 ақпанында басқаша өмір сүріп, басқаша ойлай бастаймыз. Ал әзірге үрей бар. Адамдар сөйлесуге қорқады, маска киіп жүр. Тек осы жылдан ептеп өтуіміз қажет. Бұл – Құдайдың қаһары, жазасы. Жер бетіндегі адамдар ұяттан безді, нанды тастаймыз, ешкімді сыйламаймыз. Бір-бірімізбен араласуды қойдық. 2024 жылға дейін үлкен нәубетті көріп тұрғаным жоқ. Ковидті жеңуге болады!», - деді экстрасенс.