Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав алматылық "Қайратқа" ауысты, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Жаңа сынаққа өте ризамын", - деп жазды Вагнер Лав өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Форвард Вагнер Лав "Коринтиансмен" келісімді бұзды және еркін агент мәртебесінде болды.
Бразилиялық футболшы "Палмейрас", ЦСКА, "Фламенго", "Шаньдун Лунэн", "Коринтианс", "Монако", "Аланьяспор" және "Бешикташ" сынды командаларда ойнаған. Бразилия құрамасы сапында 20 матч өткізіп, төрт гол соқты. 2007 жылы ол Бразилия құрамасының Копа Америкадағы әр матчында ойнады.