weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Мәскеуге ұшып барды

Тоқаев Мәскеуге ұшып барды

Тоқаев Мәскеуге ұшып барды
ашық дереккөзі
Ол Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған парадқа қатысу үшін Мәскеуге ұшып барды.  Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Ертең, яғни, 24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады. Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп келеді», - деп жазады Б.Уәли. Ақпарат: Skifnews.kz порталынан