Атырауда коронавирустан бірден 5 атыраулық азамат көз жұмды. Қайтыс болғандардың бәрі - әйелдер, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы науқастардың әрқайсысына ауруханаға жатқызу кезінде екі жақты пневмония диагнозы қойылғанын атап өтті.
Қайтыс болғандардың ең жасы - 42 жаста. Науқас қатерлі ісікпен күресіп, үш рет химия терапия курсынан өтті. Өлімінен кейін диагнозында коронавирус инфекциясы, септикалық шок және бірқатар мүшелердің жетіспеушілігі деп жазылды.
Марқұмдардың ең үлкені 77 жаста еді. Ол бесінші күні ауруханада қайтыс болды. Жалпы, аймақта COVID-19-дан 14 өлім тіркелді.