Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев 11 жылға сотталды
Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев 11 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Экс-президент Азиз Батукаевты заңсыз босату ісінде кінәлі деп танылды.
Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 7 тамызда кешке Қой-Таш ауылында ҰҚК арнайы күштері Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін операция өткізуге тырысты, бірақ шабуыл оның жақтастарының күшімен тоқтатылды.
Келесі күні, 8 тамызда тәртіп сақшылары тағы бір шабуыл жасады. Нәтижесінде саясаткер өз еркімен берілді. Оның бірнеше жақтастары да қамауға алынды.
Атамбаевқа бірнеше қылмыстық іс бойынша айып тағылған. Адвокатының айтуынша, бұрынғы президент тергеу басталғаннан бері бірде-бір сұраққа жауап берген жоқ, өйткені ол оған қарсы әрекеттер заңсыз деп санайды.