Бұрынғы президенттің кезінде полиция қызметіне дені дұрыс реформа жасалмаған.
Соңғы кездері экс-президент Барак Обаманың артына шам алып түсіп алған АҚШ басшысы Дональд Трамп тағы бір тосын мәлімдеме жасады. Айтуынша, Барак Обама мемлекетке сатқындық жасаған.
Трамптың айтуынша, 2016 жылы жұрт саяси науқанның шуымен әлек болып жүргенде белгісіз біреулер оның саулауалды штаб кампаниясына тыңшылық жасаған. «Мен осыдан біраз уақыт бұрын сөз сөйлегенде, мен олардың сайлау кампаниямды тіміскілеп жүргенін айтқан болатынмын. Олар алдымен менің кампанияма тыңшылық жасап кейін тінту жүргізген. Мен бұл туралы осыған дейін де бірнеше рет айтқан болатынмын. Расымен де солай болып шықты. Бұл мемлекетке сатқындық», - деп атап өткен CBN News телеарнасына берген сұхбатында.