Қалаулымдық жігіт жары мен ұлын перзентханадан шығарып алды
Қалаулымдық жігіт жары мен ұлын перзентханадан шығарып алды
ашық дереккөзі
"Қалаулым" бағдарламасының арқасында қосылған Әлібек Боранбай мен Камила Саянқызы жақында алғаш рет ата-ана бақытына бөленді. Атышулы жоба қатысушылары ұлды болған. Араға бірнеше күн тастап, жас әке жары мен нәрестесін перзентханадан шығарып алды, - деп жазады NewsRoom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жас ана мен сәбиінің перзентханадан шыққан сәтінен бейнежазбалар Instagram желісінде көптеп тарап кетті. Жас жұбайлар өз қуанышын бөлісуге тек санаулы адамдарды шақырса керек. Перзентхана алдына олардың тек ет-жақындары келген. Олардың арасында өзге қалаулымдық қатысушылар мен отандық шоу-бизнес жұлдыздары да бар.
Әлібек Боранбай өзіне ұл бала сыйлаған жарының құшағын гүл шоқтарына толтырып, естен кетпес тосын сый жасаған. Анасы мен баласын тек перзентхана алдында ғана емес, өз үйлерінде де ерекше күтіп алған. Отағасы Камила екеуінің бөлмесін көк түсті шарларға толтырып қойған.
Қалаулымдық ару өз таңданысын жасыра алмай, бұл өміріндегі аса қуанышты күндердің бірі болғанын жасырмай айтты.
Желі қолданышулары ерлі-зайыптыларға өз ақ тілегін жаудырып, жылы лебіздерін әлі де білдіріп жатыр.