Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

ҰБТ: Биыл да былықтар орын алды

ҰБТ: Биыл да былықтар орын алды

ҰБТ: Биыл да былықтар орын алды
ашық дереккөзі
Талаптың қаншалықты қатал болуы, бәрі сынақты соншалықты адал тапсырады деген сөз емес. Шымылдығы күні кеше түрілген ҰБТ-дің алғашқы легінде 164 талапкерден ұялы телефон, шпаргалка мен түрлі көмекші құралдар тәркіленді. Одан бөлек, түлектердің 32 пайызы шекті межені де еңсере алмапты. Бірақ жақсы нәтижеге қол жеткізгендері де жоқ емес. Ал ҰБТ тәртібін бұзғаны үшін тестке кірмеген немесе аудиториядан қуылған жастардың жағдайы не болады? Сынақты қайта тапсыруға мүмкіндік қашан туады? Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. «Сынақтың алғашқы күні республика бойынша Ұлттық біріңғай тестілеуді  6186 түлек тапсырды.  Міне солардың  4212-сі ғана шекті межені еңсере алған. Қалғандары 50 баллдан да аз жинады. Енді сынақтан құлағандар  тестті тамыз айында қайта тапсырады. Бірақ,  енді оларда мемлекет бөлген білім грантына таласу мүмкіндігі болмайды». Ал бақылау қанша қатал болғанымен,  өзімен бірге аудиторияға ұялы телефон өткізген түлектер де табылды. Бірақ талап бәріне бірдей. Смартфонмен ұсталынған 164 түлек бірден емтихан  тапсыру мүмкіндігінен айырылды.   Заң бұзған талапкерлердің дені Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан екен.  Антиүздіктердің тізімінде  оңтүстіктегі алып мегаполис Алматы да бар. МАРИАННА ГУРИНА, МЕМЛЕКЕТІК КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ: «Әрине, түлектердің  тәртіпке бағынбай, аудиторияға ұялы телефон өткізгендері өкінішті.  Мысалы, мына бір ғана пункте 9 талапкер смартфонмен ұсталды. Енді олар келесі жылға дейін ҰБТ тапсыра алмайды. Қысқасы, бір жылдарын құр жоғалтты». Одан бөлек, ҰБТ-ның  алғашқы күнінде  дене қызуы көтеріліп,  өздерін жайсыз сезінген екі түлек  тестілеуден өтпеді.  Олар бірден ақ халаттылардың бақылауына алынды.  Аталған талапкерлер енді емтиханды  температуралары түскен кезде ғана тапсыра алады.  Ал күні кеше сынақтан өткендердің арасында  39 бала 130-дан жоғары нәтиже көрсетіпті.  Әзірге рекордты 138 балл жинаған оңтүстіктегі түлек орнатқан. НАУЖАН ДИДАРБЕКОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы мектеп түлегі Әбдіманов Абзал . Әрине біз жаңа айтып өттік, жаңа норма енгізілген, бізде ұлттық біріңғай тестілеудің барлық процессі бейнежазбасына талдау жасалады. Әрине біз бұл Абзалдың да бейнежазбасын толық қарап шығатын боламыз» Биылғы ҰБТ-ның бұрынғыдан өзгеше өтіп жатқаны анық. Әсіресе талап қатаңдаған.  Аудиториядағы бақылаудшыдан бөлек тест кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, антикордың өкілдері, тіпті тәртіп сақшылары да кіріп, жағдаймен танысып отырады. Әрине, түлектердің көшірмей, өз еңбектерімен адал тапсырғандары  дұрыс, бірақ  мұндай бақылаудан барлық сұрақтарды бес саусағындай білетін талапкер де сасқалақтай бастайды. Бұл біздің емес, бірінші кезекте ата-ананың, екіншіден психолог мамандарының пікірі. ДАНИЛ ФАЙЗУЛАЕВ, ПСИХОЛОГ: «Талаптар күшейтілген сайын балаларға ол қатты әсер етеді. Және дайыдық кезінің өзінде қанша  жақсы дайындалып келгеннің өзінде де, қатаң тексеруді көрген кезде, одан сайын қобалжи бастайды. Балалардың өзіне айтарым, ең біріншіден өз мақсатын ойлау керек. Ертең қай жерде жұмыс істегім келеді, қайда оқығым келеді деп. Ол кезде оған жеңіл болады.» Осы ретте мұғалімдер, телефон арқылы тест тапсырмақшы болған түлектерді емес, олардың аудиторияға смартфонмен өтуіне мүмкіндік берген бақылаушыларды жауапкершілікке тарту керек деген пікірде. АЯТЖАН АХМЕТЖАН,  БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жергілікті органдардағы комиссияны жақсылап таңдау керек. Өте қатал тәртіппен іріктеу керек комиссияны. Есікте тұратындарды. Біз ендігі талапты соларға күшейтуіміз керек. Егер олар қандай да бір жемқорлық фактісіне баратын болса, қызметінен кетсін немесе керек болса қызметтік жазаға тартылсын» Қалай болған да, кешеден бастап ата-аналар тарапынан да ҰБТ ға қатысты көптеген сын айтылуда. Әсіресе, уатсаптағы чаттарда гу-гу әңгіме. Баламның тест парақшасындағы сұрақтар түсініксіз, мұндай тапсырманы кімдер құрастырған деп ренішін білдіріп, айтқандарын фотосымен бірге көрсетіп дәлелдеп жатыр. Бірақ ол суреттер оларда қайдан жүр?