Беларусь президенті Александр Лукашенко оппозиция оның рейтингін айтарлықтай төмендетті деп есептейтінін айтты, сондай-ақ, ол түрлі сөз айтып, қорламауды сұрады. Бресттегі аккумулятор зауытының құрылысына қарсы шыққандармен кездесудегі оның сөзін "Пул Первого" Telegram-каналы жариялады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Қандай да бір проблема болса, айтыңыздар. Менен басқа, қазіргі биліктен басқа бұл проблемаларыңызды ешкім де шешіп бере алмайтынына сеніңіздер. "Сіздер "Саша 3 процента" деп жейделеріңізге жазып алыпсыздар. Сіздер қазіргі президентте 3 пайыз болатынына сенесіздер ме? Мен тіпті осы жиналғандардың ішінде де одан да көп жинаймын (дауыс жинауды айтып тұр - авт.)", - деді ол наразы топ алдында.
Лукашенко "мұртты тарақан" дейтіндерден қорламауды сұрады. Ол президент екенін, ешқандай елде бұлай сөйлеуге рұқсат берілмейтінін ескертті.
Сондай-ақ, ол билік құзырындағы барлық мәселені оның өкілдерімен, оның ішінде президентпен бірге шешуге шақырды.
"Сіздер ойлағандай мұрнымды шүйіріп қарамаймын. Жауап беремін", - деді Лукашенко.