Трамп Обаманы мемлекеттік сатқындық жасады деп айыптады
Трамп Обаманы мемлекеттік сатқындық жасады деп айыптады
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп Барак Обаманы мемлекеттік сатқындық жасады деп айыптады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі РИА Новости -ға сілтеме жасап.
Трамптың айтуынша, 2016 жылы сайлауалды науқанында оның компаниясын біреу тінтіген.
"Бұл мемлекетке сатқындық. Мен осыдан біраз уақыт бұрын сөз сөйлегенде, мен олардың біздің кампаниямызды тінтіп жүргенін айтқан болатынмын. Олар тың тыңдаған. Олар менің кампаниямды тінтіген, мен осыған дейін де айтқанмын. Расымен де солай болып шықты", - деді Трамп CBN News телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Трамп осыған дейін АҚШ-тың арнайы қызмет қызметкерлерінің 2016 жылы сайлау науқаны кезінде оның кампаниясын тінтігенін мәлімдеген еді. Трампқа қарсы тергеу 2016-2017 жылдары Президент-демократ Обама жанындағы ФТБ-да жүргізілді. Ол тергеу Crossfire hurricane деген код атауын алды.