Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Солтүстік Қазақстан облысында 72 жастағы ер адам шамамен 12 сағат суық судың ішінде жатқан, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21-маусым күні таңертең зейнеткер Есіл өзенінде балық аулауға кеткен. Оқиға Есіл ауданы, Явленки ауылынан екі шақырым жерде орын алған.
"Екінші топтағы мүгедек жағалауда отырған кезінде тайып, суға құлады. Өздігінен судан шыға алмай, аяғы сазға жабысып қалған. Қараңғы болғандықтан зейнеткерге қарапайым адамдар көмек көрсете алмай, құтқарушыларды шақырған", - дейді мамандар.
Есіл ауданындағы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жұлдыз Есенғазин оқиға орнына барған.
"Ер адам суық суға кеудесіне дейін батып кеткен. Ол айқайламақ түгілі, сөйлей алмай қалған. Бізді сол жерде өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен полиция қызметкерлері күтіп тұрды. Олар жәбірленушіге қажетті психологиялық көмек көрсетті", - деді Есенғазин.
Зейнеткер шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты, өміріне ешқандай қауіп жоқ.