weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бойжеткенді құтқармақ болған 29 жастағы жігіттің өзі суға батып кетті

Бойжеткенді құтқармақ болған 29 жастағы жігіттің өзі суға батып кетті

Бойжеткенді құтқармақ болған 29 жастағы жігіттің өзі суға батып кетті
ашық дереккөзі
Ақмола облысында суға құлаған бойжеткенді құтқармақ болған 29 жастағы жігіттің өзі суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай маусымның 21-де таңғы сағат 05:00 шамасында Целиноград ауданының Оразақ ауылында болған. «Іздестіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел құтқару жасағының күш-құралдары тартылды. Белгілі болғандай, тоғыз адамнан тұратын жастар Нұра өзеніне демалуға барған. Таңғы сағат 05:00 шамасында қыздардың бірі жардан суға құлап кеткен. Сол кезде оның артынан көмекке екі жігіт суға секірген. Оның бірі бойжеткенді жағаға алып шықса, 1991 жылы туған жігіт суға батып кетті», - дейді ТЖД бастығының міндетін атқарушы Манарбек Шапағатов. Айта кетейік, жыл басынанн бері облыста 7 адам суға кетіп, 20 адам құтқарылған.