Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Бізге келіп вирус жұқтырыңдар!»: Назарбаев мектебіне барған ата-аналар жағаларын ұстады

«Бізге келіп вирус жұқтырыңдар!»: Назарбаев мектебіне барған ата-аналар жағаларын ұстады

«Бізге келіп вирус жұқтырыңдар!»: Назарбаев мектебіне барған ата-аналар жағаларын ұстады
ашық дереккөзі
Мектеп әкімшілігі «көп адам жиналуға болмайды» немесе «санитарлық талаптарды сақтаңдар» дегендей құлаққағыс та жасаған жоқ. Бүгін түстен кейін редакциямызға хабарласып, аты-жөнін сайтта көрсетпеуді сұраған мемлекеттік қызметкер Назарбаев зияткерлік мектебінің алдындағы жағдайдан шошығанын айтып берді,  - деп жазады NewsRoom+ тілшісі  Skifnews.kzа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. "Баламызды НИШ-тің қабылдау сынағын тапсыруға Хусейн бен Талал көшесіндегі мектепке алып келгенбіз. Вирус таралуы өршіп жатқандықтан сынақ тапсыру күнін өзгертер дегенбіз. Бірақ, олай болмады. Бүгін түстен кейін мектеп ауласына өте көп адам жиналды. Кемі 200-300. Әлеуметтік қашықтықты сақтап жатқан ешкім болмады. Кейбірі маскасыз жүрді. Мектеп әкімшілігі «көп адам жиналуға болмайды» немесе «санитарлық талаптарды сақтаңдар» дегендей құлаққағыс та жасаған жоқ. Бала ата-анасыз келе алмайтынын біледі, күтер жерді, тұрар жерді сызып қойса болады ғой. Сынақ тапсырып шыққан оқушылар қаумалаған адамның ортасына түсіп, ата-анасын іздеуге мәжбүр болды. НИШ , молодец! «Бізге келіп вирус жұқтырыңдар!» дегендей. Басқаша қалай айтуға болады,-деді бізге хабарласқан ата-ана. Коронавирус жұқтырушылар барған сайын көбейіп бара жатыр деген үкімет осы сенбі-жексенбіде, яғни, 20-21 маусымда Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы тіршілікке  біраз шектеу қойды. Атап айтқанда, қоғамдық көліктер жүрмеді, ірі сауда, қызмет көрсету орталықтары мен базарлар есіктерін тарс жауып тастады. Саябақтар мен серуен орталықтарында да жүруге болмайды. Дегенмен, індет кезіндегі мұндай қатаң шектеулерге Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі тіпті, мән бермегендей.  Оқырман жолдаған суреттер мен шағын видео осы сөзімізге дәлел.