Бұрын бір-бірін жек көретін жандар, 70 жыл бойы бірге өмір сүріп келеді
Бұрын бір-бірін жек көретін жандар, 70 жыл бойы бірге өмір сүріп келеді
ашық дереккөзі
Ұлыбританиялық Осборн және Эдит Хэнкок 1938 жылы танысқан. Ол кезде екеуі де он жаста. Бір партада отырып, бір-бірін жек көреді екен. Есейе келе, екеуінің жек көру сезімі үлкен махаббатқа ұласыпты.
Орта мектепті бітірген соң, Осборн Сингапурге әскерге жіберіледі. Осылайша арақашықтығы ұзаған сайын, екеуінің сезімі ұлғая түседі. Ол кезде телефон, қазіргідей ғаламтор жоқ. Бір-біріне хат жолдап, жағдай сұрасып тұрған. Осылайша хат арқылы үйленуге ұсыныс жасап, келесі хатында келісетіндігі туралы хат алмасып, шаңырақ көтерген екен. Төрт перзентті болып, одан сегіз немере сүйіп, бүгінде төрт шөпшектің ата-әжесіне айналған.
Күні кеше 92 жастағы қариялар өздерінің отбасы құрғандарына 70 жыл мерейтойын атап өтіпті.
"Қанша жыл өтсе де, өзіміздің қартайғанымызды сезбейміз. Ең бастысы деніміз сау, бақытты отбасымыз. Бір-бірімізге күтім жасап, ешқашан ұрыспаймыз. Себебі екеуміздің мінез-құлқымыз ұқсас, оның үстіне қызығушылықтарымыз да ортақ" екендігін айтқан қария. Бақытты отбасы әлі талай бірге қызықтарды бастан кешетініне сенімді.