Нағыз коронавирус енді келді: Ауруханаларда орын жоқ

Нағыз коронавирус енді келді: Ауруханаларда орын жоқ

ашық дереккөзі

Қазір нағыз коронавирус енді келді деп жатыр ел ішінде. Алайда сенбейміз, вирус жоқ деушілер де жоқ емес. Бірақ осы апта жоғарғы биліктегілердің жаппай жұқтыруымен айшықтадды. Олар жұртты иландыру үшін әдейі осылай істеп жатыр деп жазғандарды да көрдік, ғаламтор беттерінен. Бір нәрсе анық. Елде осы дерттен 100 адам  еріккенен өлмесе керек. Әуелде қарт адамдарға қиын болады делінді, енді міне 32 жастағы жігіт бақилық болды. Оның сыртында ауруханадағы орын жетіспеушілігі, арнайы тыныс алдыру аппараттарының тапшылығы тәрізді тағы бірнеше түйткілге ұрынып отырмыз. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Мынау  елордадағы жедел  жәрдем станциясы.  Соңғы екі аптада  мұнда шалынатын қоңыраулардың саны 2 мыңнан  4 мыңға дейін өскен. Елімізде вирусқа шалдыққандардың күрт өсуіне байланысты,  оны емдеу алгоритмі де өзгерді. Оған сай енді жедел жәрдем қызуыңыз көтерілсе  сізге телефонмен ақыл -кеңес беріп , емханадан дәрігер шақыртуыңызды сұрайды. Тек жағдайыңыз ушығып,  қабынған өкпеңіз дем ала алмай,  ауа жетпей қысылсаңыз  ғана  ауруханаға  жеткілесіз. РАЙСА  ӘБУОВА   ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Халықта шағым көп,  ол кісілерде үрей басым, кішкене жөтел  пайда болса,  бізде ковидтің  белгілері бар деп үсті- үстіне  хабар түсіріп,  жеделе жәрдем келіп анализ алуын талап етеді.  Шақыртулар саны бір аптада  көп деңгейге шығып кетті». Денсаулық сақтау министрлігі ел ауруханаларында ковидті емдеуге  33 мың  жатын орын дайындаған еді. Шағын облыс орталықтарында жағдай тұрақты болғанымен, Нұр-Сұлтан , Алматы мен Түркістан облысының  емдеу мекемелерінде орын жетіспеушілік  байқалады. Өкпесі қабынып, ауруы асқынғандардың саны күн сайын ұлғаюда.  Ем алып жатқан әрбір үшінші сырқаттың жағдайы қиын. Өкпесін желдететін  аппаратқа  қосылған. Елде коронаврусты емдеу алгоритмі ғана емес,  оны тіркеу де өзгерді. Енді  ағзасынды  еш ауру белгілері  байқалмаған сырқаттарды  бөлек санайтын болдық. ДИНАГҮЛ БАЕШЕВА   БАС ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР    «ештеңе болмайды ,не қызуы  болмайды, не жөтел болмайды. Сондықтан  без симптома  деп аталады.  Ешқандай кері әсері жоқ. Ол ағзаға кіре алмайды. Тек соның ағзасында өмір сүреді. Тонзиторлық тасымалдау   5-6 күн болады,  сосын өзінен өзі жойылып кетеді. Созылмалы түрі  14 күн , оның организмінен  ешқандай залал келтіре алмайды. Аз уақытта  ол кісілер сауығып кетеді. Бұл топ әрқашан болған». Жағдайдың мұншама ушығуына не себеп,  енді соның тамырына үңілейікші. Наурызда  елде карантин жарияланып, бәрімізді үкімет үйді үйге тыққанда, көбіміз бұл дерттің барына күмәнмен қарадық.  Бірақ екі ай тапжылмай  отырдық. Бұл отырыстың соңында жұрт  психологиялық  тұрғыдан қажып қана қоймай,  материалдық тұрғыдан қиындықтар көре бастады.  Карантин бітіп,   сауда саттық орындары ашылғанда лап қойған халық  сақтық шарасын ұмытты.  Енді міне , жағдай ушыққанда ғана ес жия бастадық.  Салдарынан елде сырқттар саны 25 мыңнан асып түсті. Осы орайда,  үкімет тағы карантин  жариялап , тағы үйді үйге қамалып қаламыз ба деген үрей де жоқ емес. ЛӘЗЗАТ АҚТАЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бос емес төсектердің 70 пайыздан артық болса, немесе осы көрсеткіш 90 пайыздан жоғары болса, карантиндік және шектеу шараларын күшейту қажет». Вирус ауылда қара шай ішіп, дастарханға нан мен қанттан басқа қояр түгі жоқ жандармен қоса,  фуагра  мен Фокаччо жеп,  аузынан ақ майы ағып отырғандарды да аяп жатқан жоқ.  Дерт жұқтырғандардың  бірі белгілі кәсіпкер , миллионер  Қайрат Құдайберген. Ентігіп,  әрең демалып  жатқан  бейнесін инстаграмм парақшасына жариялапты Егер дерт бой бермей, ауруханаларда орын тапшылығы байқалса, біздің елде де италияндық  сценарий  өршуі мүмкін деп қалды еліміздің бас қаласының санитар дәрігері.  Бетін аулақ қылсын, кәрі құрлықтың бұл елінде күніне  мыңдаған өлік тіркелген еді.  Әзірге біздің елде күніне ауырғандар мыңдап тіркеліп жатыр. СӘУЛЕ ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Италияда ауруханаларда  орын жетпегендіктен пациенттердің дәлізде жатқанын көрдік. Дәрігерлер де  адамгершілікке жатпайтын таңдау жасауға мәжбүр болды.  Жастары егде  және жағдайы өте мүшкіл пациенттерді өлімге қиып,  көрер жарығы бар жастаруларын сақтап қалға ұмтылды». Бас қаланың   бас санитар  дәрігерінің  бұл сөзіне Италияның елдегі  елшісі жауап қатты. Дипломат  Ковидке  төтеп берген дәрігерлердің ерлігін мақтағанымен,  оның сөзінің астарында аздаған реніш байқалады.  //  БЕЗ ГЕО//    Ақ халаттылармен қоса,  ел полицейлерінде де осы күні дамыл жоқ.  бірқатар өңірлерге блок постар қайта қойылды. НҰРДІЛДӘ ОРАЗ ,  ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ      «Ауру тараған өңірлерде  24 блок постар бар. Бұл көбіне батыс өңірлерде.  Атырау, Актобе, Орал и Акмола облысында . Бұдан өзге санитарлық постар бар. Оның саны 13, оның бәрі Ресеймен  шекаралас   аймақтарда қойылды.  Мұның бәрі халық денсаулығы үшін жасалып жатқан  дүниелер.   Бұл блок- постар мен санитарлық постарда  300 адам жұмылдырылған». Осы демалыс күндері  еліміздің үш мегаполисінде карантиндік шаралар күшейтілді.  Ол әрі қарай созылуы мүмкін бе жоқ па,  өзімізге байланысты. Сақтанып жүрсек, статистика да оңалар.   Сәл -пал босаңсығанда,  бетпердемізді тастап еркінсіп кеткеніміз рас.  Жан -жағымыздағы таныс- туыстарымыз ауыра бастағанда ғана ес жидық. Қолымызды кеш сермемедік пе?  Ірі шахар жұрты  дерттің барына иланды, ал ауыл аймақтағы бейқам ағайынға айтарымыз бар.  Тәжді тажалға сенбесеңіз де ,  сақтықта қорлық жоқтығын  ескеріп, маскаңызды тастамай,  қолыңызды жиі  жуып жүргеніңіз абзал болар.

Жүктелуде...