Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы ол өзінің Твиттердегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
- Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл-күйі жақсы, сырқат симптомсыз өтіп жатыр. Дене қызуы қалыпты, КВИ-ге тән белгілер байқалған жоқ. Тұңғыш Президент дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ, - деді А.Үкібай.
Мәлім етілгендей, оқшаулану талабына байланысты Елбасы қашықтан жұмыс істеп жатыр. - Елбасы шетел басшыларынан келген хаттарды да, отандық жанашырларынан келген ыстық лебіздерді де оқып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев үшін әр хаттың орны бөлек.
Олардың барлығы Тұңғыш Президенттің тезірек сауығып кетуін тілейді, - деп жазды Айдос Үкібаев өзінің твиттердегі парақшасында. Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді.