Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Ешқандай условия жоқ»: індетке шалдыққан 70-тегі қарт ана аурухананың жағдайын жеткізді

«Ешқандай условия жоқ»: індетке шалдыққан 70-тегі қарт ана аурухананың жағдайын жеткізді

«Ешқандай условия жоқ»: індетке шалдыққан 70-тегі қарт ана аурухананың жағдайын жеткізді
ашық дереккөзі
«Мұнда не антисептик, не туалетная бумага жоқ. Койкамыздың түрі мынау, міне! Не матрац, не жастық жоқ, бірінің жастығын біріне әкеп береді», - деген оны қасында жатқан замандастары да қостап қойды.
Серік Боқан атты журналист facebook парақшасына бір егде әйелдің аурухана төсегінде сөйлеп отырған видеосын жариялады. Содан аңғарғанымыздай, коронавирус пандемиясына шалдыққан ол, жатқан жеріне түк жағдай жасалмағанын айтып, жоғары билікке шағымдануда, - деп жазады NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. «Әлгі 14 миллиард доллар қайда кетті? Жемқорлық жайлаған мемлекет дамыған емес, ұзаққа барған емес! Мына масқараны қараңыз! Матраста жатқаннан қатты ағашта жатқан денсаулыққа пайдалы деген болар. Оған да шексіз рахмет!» деп жазды видео астына Серік Боқан. Ал видеодағы кісі биліктен елдегі барлық ауруханаға тексеріс жүргізу керектігін талап етіп отыр. «Айтпасам болмас. Жасым 70-те. Коронавирус деп больницаға түстім. Мұнда не антисептик, не туалетная бумага жоқ. Койкамыздың түрі мынау, міне! Не матрац, не жастық жоқ, бірінің жастығын біріне әкеп береді. Бұл жерде врачтардың, медсестралардың кінәсі жоқ. Рахмет, бәрі жүгіріп жүріп емдеп жатыр. Бірақ, больницада ешқандай условия жоқ. Жоғарыдан келген ақшалары қайда? Шетелден келген көмектер қайда? Темірдің үстінде жатырмыз. Шетелдіктер ауырып жатқанда, сақадай сай болуымыз керек еді ғой. Ал бізде дым жоқ. Қазақстан десе, намысыма келеді. Ұят, ұят!» - деп ашынуда аурухана төсегіне таңылған қария. Оны қасында жатқан замандастары да қостап қойды. Видеоға Сұлтан Нұрбаев деген азамат: «Осы аурухананың, сол жердің жергілікті атқарушы органының үстінен тексерту керек, арыз жазып. Арызды топтық түрде жазу керек, видеоға түсіріп. Қоғамдық резонанс тудырту керек қой» деп өз «кеңесін» жазып қойды. «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды» дегендей, жазбаға пікір қалдырған 200-дей адамның сөзі сол бір сарында болды. Тек елді елең еткізетіні, олардың арасында бірді-екілі медицина қызметкерлері де бар. Мысалы, Нұргүл Әбдуханова: «Мен де осы ауруға шалдықтым. Бірақ, мен үй жағдайында емделіп жатырмын. Өзім медсестра болып жұмыс істеймін. Дәл осындай жағдайға қарап, ауруханаға бармадым. Жан түршігетін жағдай. Бір Алла сақтасын! Барлық қазақстандықтарға айтарым, сабыр берсін», - десе, Гауһар Әбілқаққызы: «Сонда, бөлініп жатқан ақша қайда? Мен өзім медқызметкермін. Бір маскамен күні бойы жүремін. Бір күнге бір маска береді» деп жазды. Ал Жансерік Шорик деген желі қолданушы: «Халық бизнестің құрбандары болып жатыр ма, қалай болып кетті?» - деп «таңданса», Жұлдыз Бегімқұлова деген қыз: «Сөйлегеніңіз ауруға ұқсамайды, апа-ау! 160 орындық ауруханада 320 науқас жатқан соң, осының бәрін жасап отырған өздеріңіз! Ауырмаңыз, ем болсын! Тығылып той жасап отырған адамдардың да құлағына алтын сырға», - деп видео кейіпкерінің өзін кінәлады.