Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Поэзия: Қымбат Жампейісованың шығармашылығынан

Поэзия: Қымбат Жампейісованың шығармашылығынан

Поэзия: Қымбат Жампейісованың шығармашылығынан
ашық дереккөзі
Newsroom.kz порталы әдеби бағыттағы да шығармашылық байланыстарын жалғастырады. Бүгінгі жариялағалы отырған өлеңдер топтамасы белгілі ақын Қымбат Жампейісованың шығармашылығынан алынып отыр. Портал редакциясы алдағы уақыттарда да өз шығармашылығын ұсынам дейтін ақын-жазушыларға өз алаңын ұсынуға әзір. Сондықтан, карантин уақытында дүниеге келген туындыларыңыз болса, info@newsroom.kz электронды мекен-жайында күтеміз.  width=

Көк аспан да жасын төгіп жылады

Көк аспан да жасын төгіп жылады,

Тылсым күштің қайтқан жанға сұрауы.

Ағыл – тегіл дамылдамай ақ жауын,

Ағып жатты жерде жаңбыр бұлағы.

***

Бәз біреудің таңы атты күлімдеп,

Кейбірінің жүрегі кілт тоқтады.

Бір жан кетсе адам рухы түңілмек

Уақытша деп фәни өмір соқпағы.

***

 Табиғат та жақсы кетсе жоқтайды,

Тағы арамыз бір жан кетіп ортайды.

Күңіренді көк аспан да сұрланып

Найзағай да жарқылдатты, от жайды.

***

 Өмір қысқа қамшының бір сабындай,

Кейде Аллаға кетеміз біз бағынбай.

Қонақ болып келдік мына өмірге

Ғұмыр қысқа өте шығар сағымдай.

Жазылған күні: 18.05.2020

 

Келер күннен қол үзбе

Қош бол енді өткенімнің айғағы,

Бүгін келді шешімімнің байламы.

Өткен күннің естелігін сақтама

Деп түйсігім ой тастады қоймады.

***

Ыстық болған өткенімді тастауға,

Жаңа өмір болашаққа бастауға,

Бекіндім де белді буып ұмтылдым,

Алға қарай жаңа қадам аттауға.

***

Сары майдай сақтап кеппін аялап,

Қайтып келмес күн екенін білсем де,

Бұйымымды сақтағаннан саябақ

Таба алмасын жан жарамның білсем де.

***

Бар қайратты жинап алып бойыма,

Естелікті таста бірақ мойыма.

Деп түйсігім алға қарай итерді

Қайтып алма тастаған соң қолыңа.

***

Өткен өтті келер күннен қол үзбе,

Болашаққа адастырмас жол ізде.

Деп ақылым жұбатты да жүректі

Жол ашты жан судай жаңа сезімге!

Жазылған күні: 26.05.2020