Ал, байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы бойынша мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыру үшін жаңа идеяларды іздестіру.
Осы жарияланған конкурсқа Ордабасы ауданының жас мемлекеттік қызметшісі аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Әбдеш Керімжан Бақтиярұлы қатысып, «Қазақстандағы жаппай миграцияның қалаға да ауылға да зияны» тақырыбында эссе жазған.
Керімжан бұл жазған эсседе ішкі миграция салдары, жастардың қалаға жаппай көшуі, ауылдардың әлеуметтік-инфрақұрлымдық қиындықтары туралы өз ойын жетік көрсете біліп, жеңімпаз атанып, бас жүлдені иеленді. Еліміздің барлық мемлекеттік органдарынан 40 жасқа дейінгі 130-дан астам мемлекеттік қызметші қатысқан байқауда К.Әбдештің шығармасы комиссияның шешімімен ең үздік эссе деп танылды. Керімжанға жеңіс құтты болсын деп, алдағы уақытта бұдан да биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз.
Өз тілшімізден