Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов мәлімдеді. 20-21 маусымда Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қосымша шаралар енгізілді.
Ермек Бейсеуовтың айтуынша, Түрксіб ауданының аумағында барлық супермаркеттер, ойын-сауық және сауда орталықтары, базарлар жабылды және қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Дәмханалар мен мейрамханалар санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда жазғы террасамен жұмыс істейді.
Саябақтарға, қоғамдық бақтарға, әуежай жанындағы көл жағалауына, Спорт және ойын алаңдарына баруға тыйым салынады."Қосымша карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 20 маусым күні сағат 14.00-де Түрксіб ауданының 780 мың шаршы метр аумағында дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Оған 30 көше, үш саябақ, 11 сквер, бір жағалау, алты базар, 10 фитнес орталық, төрт бизнес орталығы және төрт супермаркет кірді. Үлкен сауда орталықтарына келетін болсақ, олар үшеу, дезинфекция 21.00-ден кейін жүзеге асырылады", - деп түсіндірді Ермек Бейсеуов.
Дезинфекцияға 30 бірлік техника, 50 дезинфекциялаушы қызметкерлер және 460 литр дезинфекция құралдары жұмылдырылды. БҰҰ басшысы өткен тәулікті коронавирусты жұқтырудың көп саны анықталған ең жоғарғы көрсеткіші тіркелген күні деп мәлімдеді. Осыған байланысты, сіздерден қосымша карантин шараларын қатаң түрде сақтауды, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов.