Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Димаш америкалық продюсерлік агенттікпен келісімшартқа отырды

Димаш америкалық продюсерлік агенттікпен келісімшартқа отырды

Димаш америкалық продюсерлік агенттікпен келісімшартқа отырды
ашық дереккөзі

IPZ – шоу-бизнес пен спорт саласындағы медиа адамдарға кеңес беретін, ақпарат алаңында жұлдыздардың мүддесін қорғайтын агенттік.

Димаш Құдайберген америкалық IPZ лейблімен келісімшартқа отырды. Бұл ақпаратпен әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті 1 маусымда АҚШ-та - Нью-Джерсиде 26 жастағы қазақ әншісі, композитор, көп музыкалық аспапта ойнау шебері, ерекше вокалымен танымал Димаш Құдайберген IPZ компаниясымен келісімшартқа отырды.
"Димаш – Америка Құрама Штаттарында танымал бола бастаған талантты әнші. Оның өз мансабын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктері бар және ол әлемдік брендтер үшін активке айналады», - деді IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зито.
IPZ – шоу-бизнес пен спорт саласындағы медиа адамдарға кеңес беруге бағытталған америкалық лейбл. Олар ақпарат алаңында жұлдыздардың мүддесін қорғайды.