Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Биліктегі белсенді әйелдер

Биліктегі белсенді әйелдер

Биліктегі белсенді әйелдер
ашық дереккөзі
Әйел адам жаратылысынан өте белсенді әрі барлығына уақыт таба алатын алапат күшке ие екені анық. Отбасы мен халықтың қамын қатар алып жүрген биліктегі белсенді әйелдер жайлы жазамыз. Қазіргі таңда көпшіліктің назарына жиі түсіп жүрген ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева туралы сөз бастайық. Аида Балаева  Аида Балаева возглавила Мининформации и общественного развития ... Билік басында ең "қылықты" министр Аида Балаева 1974 жылы 4 шілде күні Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Жастайынан лидерлікке жаны құштар билік өкілі мектепті үздік аяқтап, Абай атындағы Ұлттық университетінің орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ал 2007 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін юрист мамандығы бойынша тәмамдап шықты. Отбасылық жағдайы: Жүсіпов Әділбек Оралұлына тұрмысқа шыққан. Қазіргі таңда 3 баланы тәрбиелеп отыр. Балалары: Дінмұхаммед (1994), Асқар (1996) және Асель (2004) Қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Тамара Дүйсенова У вас остались большие проблемы" - Тамара Дуйсенова раскритиковала ... Ең еңбекқор билік өкілі 1965 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында дүние келген. Негізгі мамандығы - инженер-экономист.  1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Сарыағаш 1987 жылы ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған.  Алайда, тағдыр шығар, билікте белсенді болғанымен тұрмысқа шығып, ақ орамал тақпаған қыз. Гүлшара Әбдіқалықова  Впервые акимом области в Казахстане назначена женщина Қазақстандағы ең алғашқы облыс әкімі болып тағайындалған Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлу-Төбе ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Белсенді әкімнің ашық көздерде отбасы жайлы ешқандай мәлімет жоқ. Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы Оразкүл Асанғазы: Тілді сақтау – ұлтты сақтаудың кепілі Бұл кісіні танымайтын адам жоқ шығар, сірә! Оразкүл ханым 1952 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы Шу ауданының «Ақтөбе» ұжымшарында туған. Қазақ. Әкесі - Омаров Асанғазы, марқүм, шопан болған. Анасы - Омарова Кәден, марқұм, үй шаруасымен айналысқан. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын үздік бітірген (1973), физика пәнінің мұғалімі. Қазақ және орыс тілдерін біледі. Діни көзқарасы - ислам. Хоббиі - кітап оқу, фитнес. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет, ұлттық құндылықтар жайлы әдебиет. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Алмантай Жора Тайлыбайұлы (1949 ж.т.), «Асыл түлік» АҚ вице-президенті. Қыздары - Тайлыбаева Жанар Жорақызы (1974 ж.т.), Алмантаөва Гүлнәр Жорақызы (1975 ж.т.), Алмантаева Тоғжан Жорақызы (1978 ж.т.), Алмантаева Жібек Жорақызы (1982 ж.т.); ұлы - Апмантаев Нұржан Жораүлы (1977 ж.т.). Дариға Назарбаева Дарига Назарбаева получила новое назначение | Tengrinews.kz Елбасымыздың ерке қызы Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген.  Қоғам және мемлекет қайраткері, саясаткер. 2019 жылғы 20 наурызда 2020 жылғы 2 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. 1980 жылы Алматыдағы Қ. Сәтпаев атындағы №56 гимназияны бітірді. 1980-1983 жылдары М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. 1985 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады Қазақ, орыс, ағылшын, итальян тілдерін меңгерген. Бұрыңғы күйеуі - Рахат Әлиев (1962-2015). Үш баласы бар: үлкен ұлы Нұрәли Әлиев (01.01.1985), кіші ұлы Айсұлтан Назарбаев (26.07.1990), қызы Венера Назарбаева (05.05.2000). Дереккөз: Oinet.kz порталынан