weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Чилиде карантин режимін бұзғандар бес жылға сотталуы мүмкін

Чилиде карантин режимін бұзғандар бес жылға сотталуы мүмкін

Чилиде карантин режимін бұзғандар бес жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Карантин тәртібін бұзған Чили азаматтары 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ел билігі осындай жаңа заң жобасын бекітуді көздеп отыр. Бұл туралы ел президенті Себастьян Пиньера мәлімдеді. Мұндай қатаң шараларға мемлекет аумағында індетті жұқтырғандар санының артуы себеп болған. Тұрғындар оқшаулану тәртібін орындамай, қаладағы қозғалыстарын карантинге қарамастан жалғастырған. Айта кетейік, жаңа шектеулерге байланысты осы аптадан бастап Сантьяго тұрғындары аптасына екі мәрте ғана үйінен шыға алады. Қала полицейлері күшейтілген режимге көшірілді. Соңғы тәулікте Чилиде 4 мың 475 адам коронавирусты жұқтырып алған. 226 адам бақилық болды. Осылайша бұл елде қауіпті кеселге шалдыққандар саны 225 мың науқастан асып отыр.  width= Себастьян Пиньера, Чили президенті: - Бұл заң жобасының мақсаты – ескертулерге қарамастан карантин тәртібін бұзғандарды жазалау. Бұдан басқа амалымыз жоқ. Себебі бірде-бір азамат жауапсыз әрекеті арқылыеліміздің тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруге құқығы жоқ.